Skip to content

МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ ЧЕЛЛЕНДЖІ 2024 жылдың 28 ақпан күні «Менің…

МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ ЧЕЛЛЕНДЖІ

2024 жылдың 28 ақпан күні «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында, Астана қаласында кітап оқуға баулитын Республикалық челлендж бастау алды. Эстафета Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жалғасуда. Шараға Республикамыздың барлық өңірі қатысты. Әр оқу ордасы челлендж аясында, белгілі бір кітапты атап өтіп, оқуға шақырады. Мақсаты оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру. Осы челленджде Шығыс Қазақстан облысы, Астана қаласының білім ордаларына оқуға Әлібек Асқаровтың «Қойға шапқан қара аю» кітабын оқуға жолдады. Бұл кітапшаға көрнекті жазушы Әлібек Асқаровтың өмірде болған оқиғалар негізінде жазылған деректі әңгімелері еңгізілген. «Боямасыз баяндар» бөлімінде қаламгердің жолжазбалары, қоғамдағы әрқилы құбылыстардан түйген ой-тұжырымдары топтастырылған. Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі кітапханашылары өз оқырмандарын «Әлібек Асқаровтың «Қойға шапқан қара аю» кітабын оқуға шақырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *