Skip to content

МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ 2023 жылдың 15 желтоқсан күні мектебіміздің 11 сынып…

МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ

2023 жылдың 15 желтоқсан күні мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен мотивациялық кездесу өтті. Аталған кездесуге қазіргі таңда “Алтын Белгі” Республикалық білім беру орталығында қызмет атқарып жүрген мектебіміздің түлектері Байдалиев Айбек пен Досымов Алдияр және тағы орталық өкілдері қатысты. Мотивациялық кездесу еркін әңгімелесу, сұрақ-жауап форматында өтті. Оқушыларға ҰБТ-ның маңыздылығы,тәсілдері,басты ескеретін қағидалар, мамандық пен университет таңдауға қатысты құнды ақыл-кеңестер берілді. Кездесу аясында оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша викториналық ойын ұйымдастырылып, белсенді оқушыларға арнайы естелік сыйлықтар берілді. Орталық қызметкерлері оқушыларға өздері таңдау жасаған мамандықтарынан таймай алға қойған мақсаттарына жету үшін ізденіс пен білімнің керек екенін айтып өтті. Кездесу соңында 11 сынып оқушылары тарапынан осындай мотивациялық кештердің жиі ұйымдастырылып тұруы жөнінде ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *