МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ
Кез келген ел азаттыққа қол жеткізген күнін ардақ тұтады басқа мерекелерден айрықша қастерлейді. Қазақстан биыл алғаш рет «25 қазанды ұлттық мереке» ретінде атап өтпек. Президент Республика күнін қайтарып, оған жаңа маңыз бен мазмұн берді. Осы негізге орай Гүлжан Асылбекқызы оқушылармен онлайн мұражайға саяхат жасап шықты. Оқушыларға Республика күнінің маңыздылығын түсіндіріп президентіміздің 1990 жылғы 25 қазандағы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын еске салды. Сондай-ақ бүгінгі Қазақстан, патриоттығын айқындайтын факторлар әлемге паш етілуі тиіс екендігін айтып жеткізді. Және осы орайда Абай Құнанбайұлының 3д мұражайына онлайн түрде саяхат жасады. Мұражай ішінде Абай Құнанбайұлының көне жәдігерлерімен танысты.
#республикакүні
#деньреспублики