МҰРАЖАЙМЕН ДОСБОЛLIKE
Бүгін 2024 жылдың 02 ақпан күні мектебіміздің экологиялық Ecoteam тобы оқушылары үшін әсерлі күн болды. Себебі топ оқушылары аумағы жағынан ТМД бойынша үлкен мұражайлар тізбегіне кіретін елордамыздың рухани көркіне айналған Ұлттық мұражайға саяхат жасады.
Мұражай қызметкерлері оқушыларымызды жылы шыраймен қарсы алып алдымен кіреберіс дәлізде мұражай тарихына қысқаша шолу жасады. Одан әрі оқушылар мұражай экспонаттары мен кеңінен танысып шықты. Қазақ халқының ежелгі тас дәуірімен қазіргі заманға дейінгі кезеңдерін бейнелеп тұрған мұражай оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Оқушылар еліміздің солтүстік өңірлерінен табылған ежелгі моманттар, динозаврлардың түпнұсқа қаңқа бөлшектерімен танысты. Сонымен қатар алтын адамның құрылымын тамашалады. 45 минутқа созылған экскурсия оқушылар үшін нағыз рухани саяхат болды.
#dosbollike
#bilimastana
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
Астана қаласының Білім басқармасы/ Управление образования города Астаны
Касымхан Сенгазыев
@Астана қаласының Әдістемелік орталығы
#біртұтас_тәрбие