НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ
Бүгін 2025 жылдың 17 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде негізгі орта білім туралы аттестатты тапсыру салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиынға негізгі орта білім бітіруші 9-сынып оқушылары мен ата-аналары, ұстаздары қатысты. Мектеп директоры Уйсимбаева Сауле Амангелдіқызы барша оқушыларды құттықтап, мектеп қабырғасында алған білімдерін әрі қарай шыңдап, ақ жол тіледі. Салтанатты жиын соңы «Марғұлан» маршымен аяқталды.