Skip to content

ӨЮ-ӨРНЕКТІҢ СЫРЫ МЕН СЫМБАТЫ 2025 жылдың 12 қаңтар күні Әлкей…

ӨЮ-ӨРНЕКТІҢ СЫРЫ МЕН СЫМБАТЫ

2025 жылдың 12 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы асяында “Ою-өрнектің сыры мен сымбаты” атты ата-анамен бірлескен шебер сабақ болып өтті. Шараның мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен шығармашылық қабілеттерді дамыту болды. Ұлттық мұраның айрықша көркемдік мәні мен терең философиясын ашуға бағытталған шебер сабақта тарих пәні мұғалімі Назгүл Тыныштық оқушыларға ою-өрнектердің түрлерімен, олардың шығу тарихымен және әрқайсысының мағынасына теориялық тұрғыда таныстырса, аталған іс-шараға арнайы қонақ ретінде шақыртылған мектебіміздің ата-анасы Дина Набихан практикалық бөлімде өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, ою-өрнек жасау әдістерін көрсетіп, қатысушыларға шеберлік дағдыларын үйретті. Қатысушылар өз қолдарымен ою-өрнек элементтерін жасап, қазіргі заманғы бұйымдарға қолдану жолдарын жарыса айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *