Skip to content

ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИАДАСЫ 2025 жылғы 04-05 ақпан аралығында оқушылар спартакиадасы аясында…

ОҚУШЫЛАР ГИМНАЗИАДАСЫ

2025 жылғы 04-05 ақпан аралығында оқушылар спартакиадасы аясында шаңғы жарысы болып өтті. Аталған жарыста Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің командасы 2007-2008 жылы туған және 2009-2010 жылы туған екі жас тобында бақ сынасты. Классикалық қозғалыс және коньки тебу (еркін) командалық эстафета кезеңдері бойынша ұйымдастырылған жарыста 1 км.қашықтықты шаңғымен жүріп өткен мектеп оқушылары Токишев Диас,
Арынгазиев Бекжан, Тлеуберген Қыран, Болшайбек Нұрдаулет, Тілеубергенова Жұпар, Ермекбай Інкәр, Оразбек Мадина, Байзақ Мадиналар Сарыарқа ауданы бойынша жүлделі І орынды жеңіп алып, қалалық кезеңде ІV орынды иеленді. Шаңғышыларымызды құттықтай отырып, спортта қашанда жоғары жетістіктер тілейміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *