ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
2023 жылдың 19-20 желтоқсан күндері аралығында Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 9-11 сынып оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II аудандық кезеңіне қатысты. 29 оқушының 3 оқушы ІІ орын, 11 оқушы ІІІ орын, 4 оқушы мадақтамаға ие болды.
Аудандық пән олимпидасының жеңімпаздары мен пән мұғалімдерін мектеп директоры Уйсимбаева Сауле Амангелдіқызы құттықтап, келесі кезеңнен де жоғары нәтиже күтетінін айтты. Дарынды оқушыларымыз олимпиадаға қалай дайындалғандары туралы айтып, өз ойларымен бөлісті.