«ӨМІР ӨЗЕН»
2023 жылдың 9 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде кітапхана меңгерушісі Г.Айдабулованың ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Өмір өзен" атты жыр кеші болып өтті. Кеште мектебіміздің 5 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Кештің нәтижесінде жүлделі І-орынды Жылқыбай Назым, Жаңабекұлы Ханкелді, ІІ-орынды Серік Әділет,
ІІІ-орынды Қаржау Нұрай, Болат Ақмарал иеленді. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Айдабулова Гауһар тыңдармандарға ақынның өмірі мен шығармашылық қызметі қашанда үлгі-өнеге екендігін жеткізіп, арнайы әзірлеген көрме жұмысымен және өлеңдерден құралған сергіту ойындарын көрсетті. Барша қатысушы оқушыларға ынталандыру ретінде қатысқандары үшін дипломдар табыс етілді.