Skip to content

*ӨНЕРІМЕН ӘЛДИЛЕГЕН ЕЛ-ЖҰРТТЫ* 2025 жылдың 20 қаңтар күні Әлкей Марғұлан…

*ӨНЕРІМЕН ӘЛДИЛЕГЕН ЕЛ-ЖҰРТТЫ*

2025 жылдың 20 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде “Жастар және музыка өнері” тақырыбында кездесу өтті. Музыканың құдіретін әуен арқылы жеткізіп жүрген шығармашыл жан, композитор, әнші Азамат Абдрахиев оқушылармен жүздесіп, әсем әндерін шырқап, өнерін арнады. Сондай-ақ кеш қонақтары: жас әншілер Гульфайруз Қасен мен қала мектептерінің оқушылары Азамат Абдрахиевпен бірге өнер көрсетті. Арнайы қонағымыз әнші Мәди Ахметқожа да сазгердің әуендерін орындап, тыңдаушының жан дүниесіне әсер ете алды. Жалпы қазақ музыка өнерінде сазгерлердің орны ерекше. Олар халықтың музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, оны заманауи бағытта дамытып, оған өзіндік үлес қосып келеді. Қазақтың ән өнері әрдайым жас таланттармен толыға берсін. @azamat_abdrakhiyev @madi.ahmetkozha

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *