“ӨРКЕН” ИНСТИТУТЫ ТРЕНЕРЛЕРІМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС
2024 жылдың 13 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінің ұстаздарымен “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының тренерлері Асем Бауыржанқызы мен Айнагүл Жакенқызы “Менің бауырым” жобасын таныстырып, ұстаздар қауымымен қызықты тренингтер өткізді. Оқушыларды бауырмалдылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, мақсатында өткізілген тренинг өте қызықты және мазмұнды өткізілді.