Skip to content

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ Балалардың отпен ойнауы жиі өрттің себебі…

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Балалардың отпен ойнауы жиі өрттің себебі болады. Сіріңке балаға ойыншық емес екендігі бәріне белгілі. Бірақ барлық ата-аналар баланы ықтимал қайғылы жағдайлардың қалай алдын алуға болатындығын білмейді. Балаларда өрт қаупі сезімін қалыптастыру, тұрмыстық аспаптармен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын және өрт болған жағдайда дұрыс мінез-құлықты қалыптастыру қажет. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті “Сарыарқа” ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу шараларын еске салады:

– балаларға өрт қауіпсіздігі туралы жиі ескертіп айтыңыз;

-Үйден біраз уақытқа кеткенде баланың іші пыспас үшін, оған қызықты тапсырма беріңіз;

– сіріңкелер мен оттықтар-балаларға арналған ойыншықтар емес. Оларды балалар үшін қолжетімді жерлерде қалдырмаңыз;

– үйде пешті жағуға жас балаларға сенбеңіз және жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз,

– барлық ашық электр розеткаларына пластикалық штепсельдерді орнатыңыз, олар кез-келген дүкенде сатылады және өте арзан;

– электр құралдарын қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз. Балаларды оларды дұрыс пайдалануға үйретіңіз;

– өрт, апат және басқа төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді үйретіңіз.;

– балаңыздың өз үйінің мекен-жайын білетіндігін тексеріңіз, сонымен қатар онымен бірге құтқару қызметтерінің телефондарын білетініне көз жеткізіңіз.

Құрметті ата-аналар! Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға үйретіңіз.
#детиобезопасности

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *