Skip to content

ОРЫС ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ 2022 жылдың 24 ақпан күні Әлкей Марғұлан…

ОРЫС ТІЛІ АПТАЛЫҒЫ

2022 жылдың 24 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде орыс тілі апталығы аясында «Занимательный руский язык» атты және де Олжас Сүлейменовке арналған әдеби сазды кеш болып өтті. Іс-шара барысында оқушылар Олжас Сүлейменовтің отанға, тілге Қазақ еліне деген махаббатпен арнаған өлеңдерімен басталып, бастауыш сынып оқушыларының орындауында жануар кейпіне еніп «теремок» ертегісі ақылы өз жалғасын тапты оқушылар өз рөлдерін сахнаға сай керемет сомдап шықты. Сонымен қатар, мектебіміздің талантты оқушылары көрермен алдына «калинка» атты халық биін ұсынды. Концерт соңында мектеп директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы құттықтау сөзін сөйлеп, Бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген «Я грамотный», «Из мира сказок» атты конкурс нәтижелері бойынша диплом табыстады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *