ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА
📌2024 жылдың 10 сәуір күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы аясында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
📌Жиналыстың бірінші кезеңінде «мамандықтар жәрмеңкесінде» әрбір оқу орны бойынша ата-аналармен жүздесіп, пікіралмасу түрінде өткізілді.
📌Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың бейіндік орынбасары Маржангүл Мұсақызы «2023-2024 оқу жылындағы оқу мен білім, ғылым саласындағы жарты жылдықтың есебі» тақырыбында мектеп оқушыларының жеткен жетістіктеріне тоқталып, мектеп бойынша оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуі бойынша есеп беріп өтті.
📌Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Әлия Ермұханқызы «8 минуттық оқу жобасының мен үшін берер пайдасы» тақырыбында 8 «З» сынып оқушысы Мейрамұлы Ерасыл мен 9 «Г» сынып оқушысы Баянхан Іңкәр оқыған кітаптары жайлы пікірлерін айтты. Ата-аналарға балаларына кітап оқуға қызығушылықтарын арттырып, дүниетанымын кеңейту ретінде үнемі кітап оқу дағдысын қалыптастырып отыру керектігін айта кетті.
📌Жиналыстың екінші кезеңінде 1-11 сынып оқушылары үшін «Отбасы бақытының негізі – отбасылық құндылықтар» атты сынып жетекшілері және пән мұғалімдерімен әңгімелесу жиналысы өтті. Жиналысқа қатысқан ата-аналар мектеп ұжымына өз алғыстарын білдіріп, ұйымдастырылған бірыңғай ашық есік күннің отырысына өз ризашылықтарын білдірді.
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq