Skip to content

ОЯН ҚАЗАҚ 🔸Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 6 «А» сынып…

ОЯН ҚАЗАҚ

🔸Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 6 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі отандық киноиндустрияның үздік туындысы – «Оян, қазақ!» фильмін тамашалауға барды.

🔶 Алаш зиялысы, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш романның авторы Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кинофильм білім алушыларға үлкен әсер қалдырды. Ел тарихының ақиқатын ашатын фильмде М.Дулатұлының 1909-1935 жылдар аралығындағы өмір жолы көрсетілген. 1909 жылы Уфа қаласында басылған «Оян, қазақ!» жинағының шығу тарихы мен Алаш қайраткерлерінің қазақ халқын ұлт ретінде сақтап қалу жолындағы жанкешті ерлігі мен ерен еңбегі суреттеледі. Аумалы-төкпелі заманның шешуші сәтінде ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен Міржақып Дулатұлының есімі – жас ұрпаққа мәңгілік өнеге.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *