Skip to content

«ӨЗІҢЕ СЕН, ӨЗІҢДІ АЛЫП ШЫҒАР, ЕҢБЕГІҢ МЕН АҚЫЛЫҢ ЕКІ ЖАҚТАП.»…

«ӨЗІҢЕ СЕН, ӨЗІҢДІ АЛЫП ШЫҒАР, ЕҢБЕГІҢ МЕН АҚЫЛЫҢ ЕКІ ЖАҚТАП.»

2023 жылдың 17 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейіне «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының мамандары келіп 10-сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша профориентациялық кеңес өткізді. Психолог, профориентолог Төлеуқызы Динара оқушыларға Мамандық таңдаудың ерекшеліктері мен маңызы, оқуға түсу үшін тапсырылатын ҰБТ өзгерістері жайлы мәлімет берді.Сондай-ақ Шет елдегі және Қазақстандағы сұранысқа ие және ең көп төленетін мамандықтар тізімімен таныстырып олардың жалақылары жайлы да айтып өтті. Оқушылардың талаптарын ашып мотивация беру үшін, ҰБТ-дан 136 дан 139 балл жинай алған оқушыға Iphone 14-ті ұтып алуға толықтай мүмкіндіктері бар екенін айтты. Сонымен қатар, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығында 01 ақпанға дейін тегін тестпен қатар, орталықта оқуға 30% жеңілдік болатынын мәлімдеді. Қажырлы еңбек пен ақылдарының арқасында талай белестерге шығуға зор мүмкіндік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *