"ӨЗІҢНЕН БАСТА" АКЦИЯСЫ☘️
Бүгін 2021 жылдың 14 қазанында мектебіміздің 5-7 сыныптарынан  құрылған ECO patrol тобы бастауыш 1-4 сыныптарын  аралап қоқыстарды бөліп салу және оның сұрыпталуы қағидаларын түсіндірді.Жас табиғат жанашырлары  оқушыларға мектеп дәлізінде орналасқан қоқыстарды бөліп салу жәшіктері  туралы айтып,тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйлаудың маңыздылығын айтып өтті.Сондай-ақ  қайта сұрыпталуға жататын және сұрыпталуға жатпайтын қоқыс қалдықтары туралы баяндады.






