ӨЗІҢНЕН БАСТА
Бүгін 2022 жылдың 09 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің экопатруль тобының ұйымдастыруымен «Өзіңнен баста» экологиялық ақпараттық акциясы өтті.Аталған акцияда мектебіміздің экопатруль тобы мектебіміздің 5 сыныптарын аралап,экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы,қоқыстарды сұрыптау жолдары жөнінде түсінік берді.Сондай-ақ биыл экопатруль тобының оқушылары 5 сыныптарға экологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға көмекші жетекші болып белгіленді. Топ мүшелері оқушыларға логикалық сұрақтар қойып зерек оқушыларға өздері дайындаған сабақ кестесін жазу парақшаларын сыйлады.Алдағы уақытта әр сыныпқа бөлінген ұйымдастырушылар экологиялық бағыттағы акциялар,ойындар,байқаулар ұйымдастырып оқушылардың экологияға деген қызығушылығын арттыруға жұмыстанатын болады.