ПАЙДАЛЫ ҮЗІЛІС
2023 жылдың 08 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде І,ІІ ауысым оқушылары үшін үзілісте 7-11 сынып оқушыларына математика әлеміне қызықтыру мақсатында логикалық есептер , формулалар әлемі ойындары ұйымдастырылды. Оқушылар инеліктің қанатын салу арқылы формулаларды жинақтады. Деңгейлі тапсырмалар орындалды. Қызықты логикалық есептерді шешу арқылы оқушылар ерекше көзге түсті. Есептер тақтада талданып, қосымша сұрақтарына жауаптар берілді.