ПАЙДАЛЫ ҮЗІЛІС
Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылынан бастап бастау алған “Пайдалы үзіліс” жобасы биылғы 2024-2025 оқу жылында да жалғасын табуда. Жобаның мақсаты: үзіліс уақытында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларымызға пән мұғалімдері тарапынан қызықты тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігін арттыруға жұмыс жүргізілуде.