Skip to content

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ 2023 жылдың 25 желтоқсан…

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2023 жылдың 25 желтоқсан күні № 91 мектеп-гимназиясында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Аталған конкурс барысында 90 елордалық білім беру ұйымынан 378 жұмыс ұсынылып, сараптамадан өткен 225 жұмыс қалалық қорытынды кезеңіне жолдама алды.
Конкурстың қалалық кезеңіне 218 педагог қатысып, оның 107-сі жеңімпаз атанды.
Конкурстың қалалық кезеңіне Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері Каиржанова Алтынай Тулеубаевна мен Хаздай Нургуль қатысып, 3- дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстаздар шығармашыл тың идеяларын ұсынды.
Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасы Жалпы білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Аманкелдиева Асыл Аманкелдиевна, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры Бейсенбаева Жанар Маулеткановна қатысып, қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, оларға «Астана дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарын табыстады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *