Skip to content

*”ПИРОТЕХНИКАДАН АУЛАҚ БОЛ” АКЦИЯСЫ* Бүгін 2021 жылдың 21 желтоқсан күні…

*"ПИРОТЕХНИКАДАН АУЛАҚ БОЛ" АКЦИЯСЫ*

Бүгін 2021 жылдың 21 желтоқсан күні қыс мезгілінде жасөспірімдер арасында жиі қолданатын пиротехникалық жаңғыш заттардың зияндылығын насихаттау мақсатында мектепшілік Экопатруль тобы оқушыларының ұйымдастыруымен "Пиротехникадан аулақ бол" атты акция өткізілді. Аталған акцияда оқушыларға арнайы жаднама парақтары таратылып, пиротехникалық заттардың адам денсаулығына тигізетін зардабы, сондай-ақ қоршаған ортаға тигізетін зияны түсіндірілді. Пиротехникалық заттардың түтіні адам ағзасына еніп өкпе, бауыр, асқазан мүшелеріне өте зиянды екені, қатты жарылғыш дауыс адамның есту қабілетін төмендететіні айтылды. Акцияны ұйымдастырушылар оқушыларды осындай зиянды нәрселерден аулақ болып, қоршаған ортамызды зиянды нәрселерден қорғап,салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықтарын сақтауға,үлгілі оқушы болуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *