Skip to content

«ПИРОТЕХНИКАДАН САҚ БОЛ» Қыс мезгілі басталса балалар үшін қызыққа айналып…

«ПИРОТЕХНИКАДАН САҚ БОЛ»

Қыс мезгілі басталса балалар үшін қызыққа айналып көшелерде пиротехникалық заттардың жарылысын көп естиміз, балалар үшін қызықты болып көрінген мен бұл заттардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына тигізетін зиянын біле білмейміз. Осы орайда 2022 жылдың 16 қаңтар күні мектебіміздің «Жас эколог» үйірмесі оқушыларының ұйымдастыруымен «Пиротехникадан аулақ бол» атты қауіпсіздік акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсаты қыс мезгілінде кең тарайтын пиротехникалық жарылғыш заттардың қоршаған ортаға,адам денсаулығына орасан зор зиян екенін,жарылыс салдарынан дене жарақаттарын алатындықтары оның құрамындағы химиялық қауіпті заттар ауада ұзақ уақыт ыдырамай адам ағзасына түрлі қауіпті аурулар тудыратыны жөнінде оқушыларға түсінік беру болды. Акцияда оқушыларға арнайы жаднама таратылып,осындай зиянды заттардан аулақ болып,өздерін және қоршаған ортамызды қорғау маңызды іс екені айтылды. Акцияға мектебіміздің орта буын 5-7 сынып оқушылары қамтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *