Skip to content

“ПОЭЗИЯНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ” 2022 жылдың 8 ақпан…

"ПОЭЗИЯНЫҢ АСҚАР ШЫҢЫ – МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ"

2022 жылдың 8 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде кітапхана меңгерушісі Б.Қамбарованың ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туған күніне орай "Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев" атты жыр кеші болып өтті. Кеште мектебіміздің 4-8 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның бірнеше өлеңін жаттаған 4 – сынып оқушылары арасынан Дүйсенов Ерасыл үздіктер қатарынан көрінді. Кештің нәтижесі төмендегідей болды:
І-орын Болат Ақмарал 4 "В" сынып оқушысы;
ІІ-орын Жылқыбай Назым 4 "В" сынып оқушысы;
ІІІ-орын Ерболат Нұрай 4 сынып оқушысы.
Орта буын оқушылар арасынан қатысқандар арасында:
І-орын Шаяхмет Аружан 8 "Г" сынып оқушысы;
ІІ-орын Абдужамил Асылай 6 "Ж" сынып оқушысы, Мухаметқали Қалжан
5 "Е" сынып оқушысы;
ІІІ-орын Рамазанова Нұрай 7 "Д" сынып оқушысы марапатталды.
Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Камбарова Балғайша Какенқызы тыңдармандарға ақынның өмірі мен шығармашылық қызметі қашанда үлгі-өнеге екендігін жеткізіп, арнайы әзірлеген көрме жұмысымен таныстырды. Кеш соңында барша қатысушы оқушыларға ынталандыру кітап сыйлықтары мен арнайы әзірлегенген дипломдар табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *