Skip to content

ПРОФИЛЬДІК ЛАГЕРЬ 2025 жылдың 16 маусымы Әлкей Марғұлан атындағы №40…

ПРОФИЛЬДІК ЛАГЕРЬ

2025 жылдың 16 маусымы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі жанындағы “Бала Land” жазғы лагерінің оқушыларымен “Менің көңіл-күйімнің суреті” атты арт терапиялық бағытта жұмыстар жасалды. Оқушылар өз эмоцияларын, ішкі жан дүниесін бояу мен бейнелеу арқылы жеткізіп, әрқайсысы өз көңіл-күйін түстермен сипаттады. Бұл жұмыс тек қиял мен шығармашылықты дамытып қана қоймай, баланың өзін тануына, эмоциясын түсініп, оны ашық жеткізуіне де үлкен септігін тигізді. Бала қиялына қанат бітіріп, жан дүниесін бейнелеуге мүмкіндік берген бұл арт-терапиялық сәттер балалар үшін нағыз мотивация мен шабыт көзіне айналды!

#Балаland #жазғылагерь #шығармашылық

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *