Skip to content

Профильдік лагерь Бүгін 2025 жылдың 02 маусым күні Әлкей Марғұлан…

Профильдік лагерь
Бүгін 2025 жылдың 02 маусым күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде «Қайта Like» атты математика, ағылшын профильдік лагерьлер, «Жас қолөнер» шебер қолдар лагері, «Жасыл әлем» экологиялық лагері, Мобилография курсы өз жұмысын бастады.
«Қайта Like» ағылшын профильдік лагері алғашқы күннің тақырыбы: “Welcome to “Re-Like”! Бүгін оқушылар бір-бірлерімен танысып, бір-біріне мотивация бере алды. “Self-introduction” айдарымен оқушылар өздерін Poster: “Who Am I?”постері арқылы таныстырды. Personal info, to be етістігі туралы мәліметтер алып, соны өздері туралы айтуға қолданды. Сонымен қатар оқушылар өздерін әртүрлі қабілеттерін ашуға тырысты. Оқушыларға бүгінгі танысу күні ұнады. Ертеңгі күнге ең үздік фото суреттерін алып келу тапсырылды.
«Жас қолөнер» шебер қолдар лагерінде оқушылар мектеп ауласындағы табиғи ортада отырып, табиғат көріністерін қағаз бетіне түсірді. Бұл сабақ балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, табиғатты байқауға, түсінуге, көркемдік ойлау мен қиялды ұштауға үлкен мүмкіндік берді. Сабақ барысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, мұғалімнен қажетті кеңестер алып отырды. Бұл – білім мен шабыт қатар жүрген шынайы көркем еңбек сабақтарының бірі болды.
«Мобилография курсы» жазғы лагерінде оқушыларға мобилография туралы түсінік берілді, смартфон настройкаларын дұрыстап үйреніп, план түрлерімен танысты.Сонымен қатар оқушылар смартфон арқылы суретке түсіру өнерімен танысты!Оқушылар өз идеяларын ортаға салып, пікір алмасты.Балалар өз көзқарасын фото арқылы жеткізуді үйреніп, шығармашылықтарын ашты!
#профильдіклагерь
#жасыләлем
#мобилография
#жасқолөнершілер

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *