Skip to content

Психологиялық қызмет

Шакей Сайрангуль
Педагог-психолог
‪+7 702 375 7754‬

Игілік Амангүл Игілікқызы
Педагог-психолог
‪+77018351993‬

Рахметулла Дайана Нұрлыбекқызы
Педагог-психолог
‪+77478497050

«Өз жолыңды тап: 10-сыныптан  болашаққа қадам» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен тренингтер өтті

2025 жылдың 7 қазан күні мектебімізде 10-сынып оқушыларына арналған «Өз жолыңды тап: 10-сыныптан болашаққа қадам» атты кәсіби бағдар беру тренингтері өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру.

Тренинг сұхбат форматында  ұйымдастырылды. Оқушылар жұптасып, бір-біріне сұрақтар қойып, болашақта қандай маман иесі болғысы келетіндерін, не себепті дәл сол мамандықты таңдағандарын айтып бөлісті. Бұл әдіс оқушылардың өз ойларын ашық айтуға, пікір алмасуға және бір-бірін тыңдауға мүмкіндік берді.

Сұхбаттан кейін әр оқушы өз армандаған мамандығы туралы ой бөлісіп, түрлі кәсіби салаларға деген қызығушылықтарын білдірді. Тренинг барысында оқушылар өз болашағына тереңірек үңіліп, жеке қасиеттері мен бейімділіктеріне мән беруге үйренді.

«Мен қандай маман болғым келеді?» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен тренингтер өтті

2025 жылдың 7 қазан күні мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Мен қандай маман болғым келеді?» атты кәсіби бағдар беру тренингтері өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылардың өз қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру.

Тренинг сұхбат форматында  ұйымдастырылды. Оқушылар жұптасып, бір-біріне сұрақтар қойып, болашақта қандай маман иесі болғысы келетіндерін, не себепті дәл сол мамандықты таңдағандарын айтып бөлісті. Бұл әдіс оқушылардың өз ойларын ашық айтуға, пікір алмасуға және бір-бірін тыңдауға мүмкіндік берді.

Сұхбаттан кейін әр оқушы өз армандаған мамандығы туралы ой бөлісіп, түрлі кәсіби салаларға деген қызығушылықтарын білдірді. Тренинг барысында оқушылар өз болашағына тереңірек үңіліп, жеке қасиеттері мен бейімділіктеріне мән беруге үйренді.

«Ұстаз – даналықтың қайнар көзі» тақырыбында жас мамандармен кездесу өтті

2025 жылдың 3 қазан  күні жас мамандарға арналған  «Ұстаз – даналықтың қайнар көзі» тақырыбында  ерекше форматта тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – жас ұстаздардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына жағдай туғызу, кәсіби тәжірибе алмасу, ой бөлісу арқылы өзіндік дамуына ықпал ету және педагогикалық көзқарастарын кеңейту болды.

Іс-шара ерекше  әдіспен, яғни  «Меню-сұрақ»  форматында ұйымдастырылды. Бұл әдіс барысында қатысушыларға әртүрлі тақырыпта әзірленген сұрақтар “мәзір” ретінде ұсынылып, олар өз қалауы бойынша бір-біріне сол сұрақтарды қойып, пікір алмасып, еркін ой бөлісті. Тренинг бейресми, жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар бір-бірінің көзқарастарын тыңдап, өз кәсіби ұстанымдары мен тәжірибесімен бөлісті. Мұндай формат өзара қолдау мен ұжымішілік қарым-қатынасты нығайтуға, шығармашылық еркіндікке жол ашты.

«Мектеп пен отбасы – бір мақсат, ортақ тәрбие»  тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылдың 18 қыркүйек күні мектепте «Мектеп пен отбасы – бір мақсат, ортақ тәрбие» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіндегі бірлескен іс-әрекетін нығайту, тәрбиенің тиімді жолдарын талқылау.

Іс-шараға арнайы қонақ ретінде психолог Нұрлан Байжігітұлы шақырылып, ол ата-аналармен өз кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Ол бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, жасөспірімдермен дұрыс қарым-қатынас орнату және жанұялық құндылықтарды сақтау туралы пайдалы кеңестер берді.

Жиналыс ата-аналар тарапынан қызығушылықпен қабылданып, ашық пікір алмасу форматында өтті.

 «Бірінші сынып оқушыларының мектепке сәтті бейімделуі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылдың 5 қыркүйек күні  мектепте «Бірінші сынып оқушыларының мектепке сәтті бейімделуі» тақырыбында 1-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне тез әрі тиімді бейімделуіне ата-аналар тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңыздылығын түсіндіру, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Кездесу барысында сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі оқу бағдарламасы, күн тәртібі, бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ата-аналарға баламен дұрыс қарым-қатынас орнату, психологиялық қолдау көрсету туралы кеңестер ұсынылды. Жиналыс ата-аналармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықта өтті.

Жаңадан келген оқушылардың мектепке бейімделуіне бағытталған тренинг өтті

2025 жылдың 5 қыркүйек күні мектебімізде жаңадан келген оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне бағытталған тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың мектеп өміріне тез арада сіңісіп, жаңа сыныптастарымен және мұғалімдермен ашық, сенімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау, психологиялық қолдау көрсету. Шара барысында түрлі топтық ойындар, танысу жаттығулары, сергіту сәттері және өзара қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған тренинг элементтері өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Бұл іс-шара оқушылардың мектепке деген қызығушылығын арттырып, ортаға бейімделу процесін жеңілдетуге оң әсерін тигізді.