РАХМЕТ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ
2023 жылдың 14 желтоқсан күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған білім беру ұйымдарының әкелері мен жасөспірімдер арасындағы «Рахмет саған, туған ел!» атты қалалық патриоттық әндер байқауы өтті. Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің әкелері мен оқушылары қатысып, ән шырқап көрермен көзайымына ие болып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ байқауда мектебіміздің 10 сынып оқушысы Рамазан Әлібиге жүргізуші болу бұйырды. Әкеге қарап өсетін намысты, абыройлы, жігерлі, ақылды ұлдар көп болсын! Өйткені болашақта ел тізгіні – оларға аманат. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!