Skip to content

#Repost @bilimastana with @use.repost 📌ҰЛЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАУДЫ ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ ЕТКЕН БІЛІМ…

#Repost @bilimastana with @use.repost

📌ҰЛЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАУДЫ ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ ЕТКЕН БІЛІМ ОРДАСЫ

Астана қаласы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі өскелең ұрпаққа тарихтан тағылым, ұлттық тәлімнен өнеге дарытқан қасиетті білім ордасы.

Елорданың Көктал-1 елді мекенінде егемендік алған 90-жылдары бой көтерген ең алғашқы қазақ мектебі талай түлектің арманын ақиқатпен жалғап, ұлт мұрағатын сақтап қана қоймай, қазақ мәдениетін бабалар салған сара жолмен жаңғыртып келеді.

🔺«Ұлылықты ұлықтау – ұрпаққа ұлағат» жобасы негізінде Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметі жан-жақты дәріптеліп келеді. Осыған орай, «Марғұлан олимпиадасы», «Марғұлан сыйлығы», «Марғұлан ізімен» өлкетану экспедициясы ұйымдастырылып, «Марғұлан» журналы жарық көреді.

🔺Жаңартылған білім беру мазмұны курсын ұстаздарымыздың 72 пайызы сәтті аяқтады.

🔺 «Жас маман», «Кәсіби бағдар» бағыттары көптеген жас маманның біліктілігі мен білімін шыңдады.

🔺Техника дәуірлеген шақта робототехника, 3D модельдеу, «STEM» зертханасы үздіксіз жұмыс істеуде.

🔺Дарынды оқушыларымыз қалалық, республикалық пән олимпиадаларында көш бастап келеді.

🔺Болашақ спортшылар ұлттық спорт түрлерінен мектеп намысын абыроймен қорғап жүр.

🔺Еліміз кемел келешектің даму жолын таңдаған шақта төл тілімізде білім беріп қана қоймай, ұлттық танымның, мәдениеттің ұмытылмауына Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі өзіндік үлесін қоса бермек.

#елордамектебі
#қазақмектебі

@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@s_kassymkhan
@40mektep

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *