Республика күні қарсаңында оқушылармен рухани саяхат жасалды!
2024 жылдың 19 қазан күні мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Нургалиева Перизат Ержановна мен Тыныштық Назгүл Рүстемқызының ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушылары Алжир саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды кешеніне экскурсия жасады. Саяхат мақсаты оқушыларымызға Қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдерін бастан өткергенін, Тәуелсіздігіміздің, еркіндіктің, бақытты өмірдің қадірін бағалай білуге шақыру. Терең тарихтан сыр шертетін мұражайдан оқушылар үлкен әсер алды. Сол кезде жазықсыз түрмеде отырған әйелдерің қиын тағдырларымен тынысты. Түрмеде кішкентай сәбилерімен отырған аналардың өмірін, олардың түнімен жұмыс істеу үшін қараңғыда май шаммен киіп тігіп жұмыс істеп көздерінің көрмей соқыр болып қалғанын және балалары 3 жасқа толған соң аналарынан алып балалар үйіне өткізгені туралы мәлімет алды. Оқушылар жазықсыз тағдырлардың өмірін кітаптан оқып білу бір басқа, көзбен көру бір басқа деп өз әсерлерімен бөлісті. Бұл лагерде Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Тұрар Рұсқыловтың, Смағұл Сәдуақасовтың жұбайлары отырған. Оларға тағылған жала Отанына опасыздық жасағандардың әйелдері деген жала жабылып 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Кешегі күн бүгінгі тарих. Енді болашақ ұрпақ бұндай қиындықты көрмеу керек . Ешқашан осындай еңбекпен түзету лагері болмасын. Ана мен бала жыламасын деген тілектер айтылды. Қасірет қақпасы мәңгілікке жабылсын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып жас ұрпағымыз бақытты да баянды ғұмыр кешсін. Келесі экскурсия алдағы аптада Карлаг еңбекпен түзету лагеріне жоспарланып отыр!