РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ
2023 жылдың 23-24 қараша күндері Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында өткізілген олимпиадаға барлығы 6 пәннен 36 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге 12 оқушы жолдама алды. Олимпиаданың ашылуы салтанаты Әнұранмен бастау алып, директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары оқушыларды құттықтап, олимпиаданың өтілу тәртібі және ережелерімен таныстырып өтті. Олимпиаданың сапалы, әділ ұйымдастырылуына әдістемелік бірлестік жетекшілер және кезекші мұғалімдер атсалысты. Аудандық кезеңге қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!