РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ
2023 жылдың 27 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезең жеңімпаздарын құттықтау рәсімі болып өтті.
Дарынды оқушыларды мектеп директоры Уйсимбаева Сауле Амангелдіқызы құттықтап, жүлделі орын иегерлеріне дипломдарды табыстады. Білім бәсекесінде биік шыңды бағындыруға жүрекжарды тілегін білдірді.