Рухани саяхат!
2025 жылдың 18 мамыр күні мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларымен Бурабай қорығына тарихи экскурсия ұйымдастырылды. Аталған экскурцияда оқушылар өздері тарих пәнінен оқыған Ботай мәдениетін өз көздерімен көріп 70 мың жылқының сүйегі табылған Ботайлықтардың өмірімен танысып далалы жерде алтыбақан теуіп серуендеп көңіл көтерді, одан әрі Мультимедиялық мемориалды музейге барып үлкен 8 залмен танысып қысқа метражды фильм көріп Абылай ханның батасын алды. Кейін Абылайхан алаңында серуендеп көңіл көтерді, бұл сапарда оқушылар көптеген тарихи оқиғалармен танысты. Жұмбақтас,Оқжетпес, Бөлектеу,Үш қыз т. б таулардың шығу тарихымен танысты. Кейін Бөлектауға шығып әсем Бурабайдың ғажайып табиғатына тамсанды. Сапарды ұйымдастырған тарих пәні мұғалімдері Нургалиева П.Е, Өміржан Б.Қ,Кадырова А.Қ ұстаздарымызға алғыс айтамыз!