РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ АЛАШ КЕЗЕҢІ
2019 жылдың 12 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде Руханият орталығымен бірлескен "Рухани жаңғыру және Алаш кезеңі" тақырыбында доцент, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелұлымен кездесу болып өтті. Кездесуде Омар Жәлелұлы ұлы ғұламалар Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының пікірлеріне тоқталып, оқушылармен еркін пікірталас жүргізді. Кездесуге мектебіміздің 9сынып оқушылары қатысты.