🇰🇿РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ🇰🇿
⠀
✍️2019 жылдың 26 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің дәлізінде «Елімнің ерлік жолы» тақырыбында көрме экспозициясы (бүгінгі тарих кабинетінің үлгісі) көрсетілді.
⠀
✍️Көрменің құндылығы ежелгі Қазақстаннан бастап Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі тарихтың әр кезеңі тұтас қамтылды. Жобада барлық дәуірлер, Қазақстан тарихындағы ұлы тұлғалар, негізгі де мәнді оқиғалар көрініс тапқан. Көрмені жасау барысында Қазақстан тарихына қатысты мыңнан астам фото-материалдар өңделіп кіріктірілген.
⠀
✍️Бұл жобаны жасау барысында тарих пен археологиядағы соңғы ашылулар мен жаңалықтар қамтылған. Мысалы Тақсай, Үржар ханшайымы, Елеке саздағы Алтын адам сияқты жаңалықтар көрініс береді. Қазақ тарихында өзіндік орны бар, бірақ насихаты аз тұлғаларды танытуға көңіл бөлінген. Сондай қайраткерлердің бірі – Жұмабек Ташенев.
⠀
✍️Бұл жоба арқылы мектеп оқушыларының туған тарихқа сүйіспеншілігі артатынына сенімдіміз. Осы көрнекі материалды көріп, танысу арқылы оқушылар рухани кемелдене түсіп, патриоттық сезімдері артады.
⠀
👨🏫Жобаны әзірлеп жасаған – тарих пәні мұғалімі Құрманғалиев Қайыргелді Мирашұлы👏🏼
⠀
❓Көрмемен таныстыңыз ба?😍❓
