"САЛАУАТТЫ ҰСТАЗ" бағдарлау жарысы
2024 жылдың 21 қыркүйек күні мектебімізде ұстаздар мерекесіне орай " Салауатты Ұстаз – 2024" спорттық бағдарлау жарысы өтті. Жарыс мақсаты мереке қарсаңында ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, салауатты өмір салтын насихаттау сондай-ақ ұжымға жаңадан қосылған мұғалімдермен қарым-қатынасты нығайту,ортаға бейімдеу болып табылады. Тамаша ауа-райында бақ сынаған ұстаздарымыз алдын-ала дайындалған жарыс картасымен жасырылған пункттерді тауып, арнайы құрылған туристік кедергілерден өтті. Қызыққа толы жарыс нәтижесі бойынша жүлделі III орын Қанай.А жаратылыстану бірлестігі, Іскендір.Т бастауыш бірлестігі, II орынды Абдирова.К математика бірлестігі, I орын Зейнуллина. Г бастауыш бірлестігі иеленді. Қалған қатысушы ұстаздарымыз арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!