"САЛАУАТТЫ ҰСТАЗ" СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУ ЖАРЫСЫ
Бүгін 2023 жылдың 30 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы #40 мектеп-лицейінде ұстаздар күні мерекесі қарсаңында мектеп мұғалімдері арасындағы "Салауатты Ұстаз" спорттық,туристік бағдарлау жарысы өтті.
🔸Жарыс мақсаты мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,ұжымдық бірлікті арттыру сондай-ақ бағдарлау жарысын дамыту.
🔸Аталған жарысқа мектебіміздің бірлестіктерінен 35 жасқа дейінгі және 35 жастан жоғары мұғалімдері жас ерекшеліктеріне байланысты сынға түсті. Арнайы картамен жасырылған пункттерді табу,лабиринт жолақтарынан өту және аспалы көбелек,тербелмелі бөрене кезеңдері бойынша бақ сынаған жарыста 35 жастан жоғары жүлделі ІІІ орынды С.Сатпаев орыс тілі бірлестігі мұғалімі, ІІ орынды А.Ажданова бастауыш бірлестігі және жүлделі І орынды Б. Өміржан тарих бірлестігі иеленсе,ал 35 жасқа дейінгі жас ерекшелігі бойынша жүлделі ІІІ орынды А.Нурхина бастауыш бірлестігі және Ж.Аманжол өзара бөліссе,жүлделі ІІ орынды Н.Тыныштық тарих бірлестігі иеленді,ал жарыстың І орын жеңімпазы болып Ж.Ерік ағылшын бірлестігі иеленді.
🔸 Командалық есеп бойынша І орынды Тарих бірлестігі, ІІ орынды Бастауыш бірлестігі, ІІІ орынды Ағылшын бірлестігі иеленді.Жеңіс тұғырынан көрінген мұғалімдеріміз арнайы диплом,медальмен және арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!