Skip to content

СЕНБІ ТАҢЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК 2023 жылдың 29 сәуірі күні елордада…

СЕНБІ ТАҢЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК

2023 жылдың 29 сәуірі күні елордада өткен жалпықалалық экологиялық сенбілікке Әлкей Марғұлан мектебінің ұжымы да қатысып, қаламыздың көрікті де жайлы, таза болуына үлес қосты.
Таңғы 9:00-де басталған тазалық шарасы 3 кезеңге бөлініп, едәуір жұмыс атқарылды.
Сенбіліктің кіріспе кезеңінде мектеп ауласына жиналған ұстаздар қауымы алдымен жаттығу жасап, күш жинап, бойды бір сергітіп алды. Ақыл-ойға пайдасы мол шахмат пен шашки ойнап, арқан тартудан өзара жарыс ұйымдастырылды.
Жалпықалалық сенбіліктің негізгі кезеңінде мұғалімдер дәптер, қалам емес, қолға кетпен-күрек алып, шырайлы көктем орнаған шуақты күнде арқа-жарқа боп мектеп маңын күл-қоқыстан, артық үйіндіден арылтып, ағаш түбін қопсытып, суарып, тыңайтқыш құйды. Сонымен қатар, мамырда гүлдейтін мамыргүл, яғни сирень гүлін отырғызып, білім ордасының жан-жағын жайқалтты.
3-4 сағатқа созылған тазалау жұмыстарынан кейін еңбекқор ұжым самаурыннан ыстық шай ішіп, бойын көктемнің жылы күнінде бір жылытып алды. Одан кейін заманауи әннің ырғағымен үлкендер жағы мен жастар флешмоб билеп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *