Skip to content

СЕНБІ ТАҢЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК Бүгін 2023 жылдың 16 қыркүйек күні…

СЕНБІ ТАҢЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК

Бүгін 2023 жылдың 16 қыркүйек күні елордада өткен жалпықалалық сенбілікке Әлкей Марғұлан мектебінің ұжымы қатысып, қаламыздың көрікті де жайлы, таза болуына үлес қосты. Тазалық шарасы таңғы 10:00-де басталып, едәуір жұмыс атқарылды. Сенбіліктің кіріспе кезеңінде мектеп ауласына жиналған ұстаздар қауымы алдымен жаттығу жасап, күш жинап, бойды бір сергітіп алды. Ұстаздарымыз ағаш түптерін әктеп, ауланы жапырақтардан тазартса, ер мұғалімдер қураған ағаш бұтақтарын кесті.

#жалпықалалықсенбілік
#сенбіліктаң

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *