ШАХМАТ ОЙНАУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ
Бүгін 2023 жылдың 12 сәуір күні елорданың барлық білім беру ұйымдарында шахмат челленджі басталды. Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде де шахматтан республикалық челлендж өтті.
Челлендждің басты мақсаты: Шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Міндеті: – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
– балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.
Шахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі. Тартысты өткен шахмат челленджіне біршама оқушы қатысты. Өмірдің тақтадағы көшірмесіндей шахмат ойынынан болашақта талай жарыстар өткізу мақсат етілді.
#шахматчеллендж
#bilimastana