Шахмат турнирі
2023 жылдың 29 желтоқсан күні мектебімізде оқушылардың қысқы демалысын қызықты да тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп оқушыларымен шахмат турнирі өтті. Шахмат ойыны оқушының жылдам ойлауына,ақыл-ойының жетіліп,ойлау қабілетінің артуына таптырмас құрал. Зеректікті талап ететін ойынға оқушылар қызығушылықпен қатысып өз бақтарын сынады. Турнир айналым арқылы жүргізілді,қорытынды бойынша жүлделі III орынды С.Булатханов, II орын Ж.Исенов ал турнир жеңімпазы болып Хамит.Ж танылды. Қалған қатысушыларға да жігерлік танытқандары үшін арнайы дипломдар табысталды. Сондай-ақ турнирді өткізуге үлес қосқан мектебіміздің мұғалімі Т.Мұса және 9 сынып оқушысы А.Серік арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Турнирге немересіне қолдау білдіріп көрермен ретінде арнайы келіп қатысқан Булатханов Сұңқардың әжесі оқушыларға өз ризашылығын білдіріп бос уақыттарын осындай пайдалы ойындарға бөлуді әдетке айналдыру керек екенін айтты. Сондай-ақ жеңістерімен құттықтап қысқы демалыстарын қызықты өткізуге тілектестігін білдірді.