ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ, МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
Міне санаулы күндерден соң 2023 жылды да аяқтап,жаңа жылға аяқ басқалы отырмыз. 2023 жыл Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі үшін табысты жыл болды.Мектебіміздің талантты да дарынды оқушылары мектеп абыройын көтеріп аудандық,қалалық байқауларға,жарыстарға белсене қатысып жетістіктерге жетті. Атап айтар болсақ «Астана дарыны» орталығы мен "Зерделі" мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген ІX Кезекті «Алтын сақа» республикалык, математикалык олимпиадасының аудандык кезеңінде мектебіміздің 6 сынып окушысы Ықылас Хақназар жүлделі 3 орынды иеленді,сондай-ақ Республикалық “Бала шабыты” би байқауында “Самұрық” би ансамблі (кіші топ) БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді. ҚР Тәуелсіздік күніне арналған білім беру ұйымдарының әкелері мен жасөспірімдер арасындағы «Рахмет саған, туған ел!» атты қалалық патриоттық әндер байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінен: ІІІ орынды 9- сынып Байзақ Диана, 10,11- сынып Қарабай Аружан, Ермагамбетова Мәдина иеленді. Қазақ тілі пәнінен ІІ орынды 9- сынып Джанатова Амина, 11- сынып Дарханова Дария , ІІІ орынды 10- сынып Төлеубай Айым иеленді. Орыс тілі пәнінен ІІІ орынды 10,11- сынып оқушылары: Мереке Аиша, Букенова Амина иеленді. Сарыарқа ауданы бойынша спартакиада бағадарламасынан "Күзгі кросс" жеңіл атлетикалық жүгірісінен кіші топтан 1 орынды Баймағанбетов Арсен, ал жоғарғы топтан 3 орынды Қадыр Жарас иеленді. «Сөз шебері» қалалық шығармашылық жүргізушілер байқауынан ІІІ орынды Рамазан Әліби иеленді. Қалалық Зерде зерттеу жұмысы жобалар байқауынан ІІІ орынды Болат Ақмарал, ІІ орынды Табиғат Маржан мен Сарқынтай Ералхан иеленді. ХІҮ қалалық «Асыл Мұра» Ұлттық өнер байқауынан "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша Дарханқызы Райана жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ биыл мектебімізде жаңадан қосылған пән «Жаһандық құзыреттілік» курсынан қалалық семинар жоғары деңгейде өтіп,ұстаздарымыз қала мектептерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.Мектебімізде ата-аналарды қолдау кабинеті іске қосылып ата-аналармен тығыз қарым-қатынасты нығайтуда. Осылайша, 2023 жылды жақсы леппен қорытындыладық.
@bilimastana