ШАТТЫҚ – 2025 ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
2025 жылдың 3-9 сәуір аралығына дейін Астана қаласы білім беру ұйымдарының балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2025» шығармашылық XVIII қалалық байқауы өз мәресіне жетті. Астана қаласының жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық шығармашылық байқауы болып өтті. Байқауда Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінің оқушылары «Аспапты», «Вокал», «Хореография», «Фотосурет», «Бейнелеу өнері», жанрлары бойынша қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің “Самұрық” би ансамблі ҚОЛА МЕДАЛЬ, жеке орындауда вокал жанры бойынша мектебіміздің 8 сынып оқушысы Азатқали Мансұр ҚОЛА МЕДАЛЬ иеленді. Ал қалған жанрлар бойынша қатысқан оқушыларымыз “Дипломант” атанды. 18 жыл көлемінде ұйымдастырылып жатқан фестивальдің қорытынды мерекелік шарасы Роза Бағланова атындағы Қазақстан концерт залында 29 сәуір күні болып өтті. Аталған фестивальде мектебіміздің 8-сынып оқушысы Азатқали Мансұр өз өнерін көрсетті.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!