"ШЫТЫРМАН" ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КВЕСТ ОЙЫНЫ
2024 жылдың 28 наурыз күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде мұғалімдеріміздің ұзақ тоқсаннан кейінгі көктемгі демалыстарын қызықты өткізу мақсатында жас мамандардың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында "Шытырман" интеллектуалды ойыны өткізілді.
Жарыс мақсаты: мұғалімдердің демалыс уақытын қызықты ұйымдастыру, ұжымдық бірлікті арттырып, бірлестіктер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.
Әр команда квест ойынын 20 минутта өтіп шығу қажет. Ойын барысында блокқа жауапты ұйымдастырушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, келесі блокқа өтеді.
Командалық есеп бойынша
жүлделі І орынды 2-ші топ мүшелері Нургалиева П, Асылбекова Г, Бекбулатова М, Зулкишева С,
ІІ орынды 1-ші топ мүшелері Қиса Н, Уркумбаева М, Тасбулатова А, Эрднабат А,
ІІІ орынды 4-ші топ мүшелері Жарболова Г, Көпберген А, Сапарова Ә, Құттыгелді А ұстаздарымыз иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген мұғалімдеріміз арнайы диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!