СӨЗ ӨНЕРІ ӘДЕБИ КЛУБЫ
Мектепте қазақ тілі мен әдебиетіне қызығатын оқушылардан “Сөз өнері” әдеби клубы құрылды. Әдеби клуб сабақтан тыс уақытта әдеби кештер, мәнерлеп оқу байқауларын ұйымдастырып, талантты балаларды шыңдау мақсатында жұмыс істейді.
28 желтоқсан күні Ербол Іргебай атындағы кабинетте клуб алғашқы мәнерлеп оқу байқауын өткізді. “Туған жер – асыл қазынам” атты мәнерлеп оқу сайысына 6 Ж, 7 Б,7 Г, 8 В, 9 А, 9 Д-сыныптан белсенді оқушылар қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Мәнерлеп оқу сайысына Мектеп Парламенті ұйымының мүшелері Нұрәлі Нұрдәулет,Мәдет Алтынай,Абдужалил Асылай қазылық етті. Әдеби клуб жұмысы 3-тоқсанда да жалғасын табады.