Skip to content

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! 2024 жылдың 29 тамыз күні Әлкей…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

2024 жылдың 29 тамыз күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 2024-2025 алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Аталған кеңесте мектеп директоры С. Амангелдіқызы бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық – қоғамымыздың дамуына кері әсер ететін ең өзекті мәселелердің бірі екенін ерекше айтып, Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық, әсіресе білім ордасында орын алса, болашақ ұрпақтың сеніміне, біліміне және тұлға болып қалыптасуына үлкен зиян тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ мектеп басшысы өз кезегінде – жас ұрпақтың тәрбие мен білім алатын негізгі ордасы болғандықтан, біз сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне жол бермеуге тиіспіз. Біз адал ұстаз ретінде оқушылардың адалдық пен әділдікке деген сенімін шыңдап , олардың еліміздің нағыз патриоты болып қалыптасуына жағдай жасауымыз керек деді. Сонымен бірге мұғалімдерге сыйлықтар алуға, ата-аналардан, оқушылардан қаражат жинауға қатаң түрде тиым салынатынын айтты. Барлық ұстаздарға оқушылармен адалдық сағаттарын жиі өткізуді, мұғалімдік әдепті сақтауды ескертті. Қорытындылай келе біздің мақсатымыз – мектеп қоғамдастығының әрбір мүшесін адалдық пен әділдік принциптеріне тәрбиелеу. Біз оқушыларымыздың сыбайлас жемқорлықтан алыс, білімді және саналы тұлғалар болып өсуін қалаймыз. Бұл бағытта мектептің барлық ұжымы, оқушылар және ата-аналар бірлесіп әрекет етуі қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлығымыздың жауапкершілігіміз зор, және біз тек осылай ғана өз мектебімізді және қоғамымызды одан әрі жақсарта аламыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *