Skip to content

СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ! 2019 жылдың 25 мамыр күні Әлкей Марғұлан…

СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ!

2019 жылдың 25 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын ІІ ауысымда болып өтті. Жиынға мектебіміздің ардагер ұстазы Таукел Елеуке Қазенқызы, 2009 жылдың мектеп бітіруші түлегі Жұмабай Жасұлан Отанұлы, қармқоршылық кеңесінің төрағасы Бижкенов Талғат Серікпайұлы қатысты.
Биылғы оқу жылы барша оқушылар есінде мектебіміз есімін иеленіп отырған ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның туғанына 115 жыл толуымен, Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың рухани жаңғыру мақаласының жалғасы ретінде ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жарық көруімен, «Ел ертеңі – білімді жастар» демекші 2019 жыл Жастар жылы деп жарияландығымен есте қалды. Сонымен қатар мектебіміздің дәстүрлі шараларының бірі Әлкей Марғұлан сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл дәстүр мектебімізде он төрт жыл бойы жалғасын тауып келеді. «Әлкей Марғұлан атындағы сыйлық» 1-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасында білімімен, өнерімен, спорттағы жетістігімен ерекше көзге түскен оқушыларға табысталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *