СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРМЕН ЖИНАЛЫС
2025 жылдың 9 қыркүйек күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде директордың тәрбие орынбасары Ж.Б.Найманбаеваның ұйымдастыруымен сынып жетекшілер отырысы болып өтті. Күн тәртібінде АӘД ұйымдастырушысы Р.Татенова сынып жетекшілерді қауіпсіздік шараларымен таныстырып, қауіпті идеологиялардың таралуына жол бермеу туралы айтып өтті. Мектеп психологы Сайрангүл Шакей баланың психологиялық саулығын қолдауда оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету жайында бірнеше кеңестер берді. Ал директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұлдыз Найманбаева оқушылардың жол қауіпсіздік ережелері мен қауіпсіздік сабақтары, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына тоқталды.