Табиғат ортақ анамыз!
Бүгін 2024 жылдың 18 қыркүйек күні мектебіміздің экологиялық ECOteam тобының оқушылары, биыл ғана мектепке аяқ басқан 1 сынып оқушыларына барып экологиялық мәдениет жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізді. Таза орта, таза мектеп барлығы бізден әр кімнің өзінен бастау алуы шарт. Осы орайда оқушыларға біз тастаған әр-бір қоқыс қалдығы қоршаған ортамыз үшін, өзіміз демалатын ауамыз үшін зиянды екені айтылды. Оқушылар сұрақ қойып, кері байланыс жүргізілді. 1 сынып оқушылары экологиялық тың ақпараттарды қызыға тыңдап, тақырыпқа сай сұрақтар қойып,пікір алмасты.
