ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОР ҮЛГІЛІ СЫНЫП
2025 жылдың 26 қараша күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің 4 “Д” сынып оқушыларымен эко сағат өткізілді. Эко сағатта балалар табиғатты қорғаудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Эко сабақтың негізгі мақсаты –
• оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға баулу, тұрмыстық қоқыс қалдықтарын дұрыс сұрыптау дағдысын үйрету болды. Сабақ барысында арнайы дайындалған макет жұмысы таныстырылып, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты. «Эко сынып» жобасы аясында
26.11 – 03.12 аралығында 4 «Д»сыныбымен бірқатар экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Жерді аялау – әр баланың жүрегінде басталады!





